
======================================================================
LibreOfficeDev 26.8 ReadMe
======================================================================


Бұл файлдың соңғы нұсқасы орналасқан жері https://git.libreoffice.org/core/tree/master/README.md

Бұл файлда LibreOfficeDev өнімі туралы маңызды ақпарат бар. Орнатуды бастау алдында бұл ақпаратты мұқият түрде оқып шығу ұсынылады.

LibreOfficeDev қоғамдастығы бұл өнімнің жасалуына жауап береді, және сізге қоғамдастық мүшесі ретінде қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Егер сіз бастауыш болсаңыз, онда сіз LibreOfficeDev сайтын шолып, LibreOfficeDev жобасы және сыбайлас қоғамдастықтар туралы көптеген ақпаратты таба аласыз. https://www.libreoffice.org/ сайтын шолыңыз.

LibreOfficeDev өнімі әр пайдаланушы үшін шынымен еркін түрде келе ме?
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev әркім үшін де тегін. Сіз бұл LibreOfficeDev өнімінің нұсқасын алып, оны өзіңізге керек компьютерлер санына орнатып, кез-келген мақсатта қолдана аласыз (соның ішінде коммерциялық, үкіметтік, әкімшілік және білім беру салаларында). Көбірек ақпаратты LibreOfficeDev өнімімен бірге келетін лицензиялық келісімшарт мәтінінен білуге болады.

LibreOfficeDev өнімі әркім үшін неге тегін?
----------------------------------------------------------------------

Сіз LibreOfficeDev өнімін тегін түрде қолдана аласыз, өйткені жеке өндірушілер және корпоративті демеушілер оны жоспарлап, өндіріп, сынап, аударып, құжаттамасын жасап, қолдау көрсетіп, таратып және көптеген басқа тәсілдермен де LibreOfficeDev өніміне оның бүгінгі күйіне жетуге көмектесті - ол енді үй және кеңседе қолданудың дүниежүзілік көшбасшы Open Source бағдарламалық қамтамасы.

Егер сіз олардың еңбегін бағаласаңыз және LibreOfficeDev бағдарламасының болашақта да қолжетімді болуын қаласаңыз, жобаға үлес қосу мүмкіндігін қарастырыңыз. Толығырақ ақпарат алу үшін https://www.libreoffice.org/community/get-involved/ сілтемесіне өтіңіз. Әрбір адам өз деңгейінде қандай да бір үлес қоса алады.

----------------------------------------------------------------------
Орнату ескертпелері
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev толық мүмкіндіктері үшін Java Runtime Environment (JRE) соңғы нұсқасын талап етеді. JRE өнімі LibreOfficeDev орнату дестесінің бөлігі емес, оны бөлек орнату керек.

Жүйелік талаптар
----------------------------------------------------------------------

Жалпы, LibreOfficeDev өнімін сіздің Linux операциялық жүйесінің орнату саймандарын қолданып орнату ұсынылады (мыс. Ubuntu Linux үшін ол Ubuntu қолданбалары орталығы). Өйткені, бұл тәсілмен жүйеңізге максималды икемделген өнім орнатылады. Әрі қарай, Linux операциялық жүйесінің дистрибутивіне тәуелді, LibreOfficeDev өнімі ОЖ-мен бірге орнатылып келуі мүмкін.

Бұл - LibreOfficeDev өнімінің "автономды" орнатқышы, ол алдын-ала қарауды және арнайы талаптары бар пайдаланушылары үшін және басқа да қалыпты емес жағдайлар үшін орнатылады.

* Linux ядросы нұсқасы 4.18 немесе жоғарылау;
* glibc2 нұсқасы 2.27 немесе жоғарылау;
* FreeType 2.8.0 нұсқасы немесе жаңалау;
* GTK нұсқасы 3.24 мен ATK нұсқасы 2.36 немесе жоғарылау;
* GNOME немесе басқа үйлесімді жұмыс үстелі ортасы (мысалы, KDE Plasma және т.б.).

Linux дистрибутивтерінің түрлері өте көп, әрі бір Linux жеткізушісінің өзінен де әртүрлі орнату нұсқалары (KDE, GNOME және т.б.) ұсынылуы мүмкін. Кейбір дистрибутивтер LibreOfficeDev бағдарламасының өздеріне тән «жергілікті» (native) нұсқасымен бірге жеткізіледі, оның мүмкіндіктері қауымдастық ұсынған осы LibreOfficeDev нұсқасынан өзгеше болуы мүмкін. Көп жағдайда қауымдастық ұсынған LibreOfficeDev нұсқасын жергілікті нұсқамен қатар орнатуға болады. Алайда бұл қауымдастық нұсқасын орнатпас бұрын «жергілікті» нұсқаны өшіріп тастауды жөн көре аласыз. Мұны қалай жасау керектігі туралы толық ақпаратты өз Linux жеткізушіңіз ұсынған пайдаланушыға арналған көмек ресурстарынан қараңыз.

Бағдарламалық қамтаманы өшіру немесе орнату алдында жүйеңіз және деректеріңіздің қор көшірмелерін жасау ұсынылады.

Жүйеңіздің уақытша бумасында жеткілікті бос орын бар екеніне, және оқу, жазу және орындау құқықтары барына көз жеткізіңіз. Орнатуды бастау алдында барлық басқа бағдарламаларды жабыңыз.

LibreOfficeDev өнімін Debian/Ubuntu тектес Linux жүйелерінде орнату
----------------------------------------------------------------------

Тілдік дестесін орнату жөніндегі нұсқаулықтары үшін (LibreOfficeDev өнімінің АҚШ ағылшын нұсқасын орнатқаннан кейін), төмендегі Тілдік дестесін орнату деп аталатын бөлімді оқыңыз.

Жүктеп алынған архивті тарқатқанда, оның мазмұны ішкі каталогқа шығарылғанын көресіз. Файл менеджері терезесін ашып, атауы «LibreOfficeDev_» деп басталатын, одан кейін нұсқа нөмірі мен платформа туралы ақпарат көрсетілген каталогқа өтіңіз.

Бұл бума ішінде "DEBS" деп аталатын бума бар. "DEBS" бумасына өтіңіз.

Бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Терминал терезесі ашылатын болады. Терминалдың командалық жолында келесі команданы енгізіңіз (команда орындалу алдында, сізден жүйелік әкімші паролі сұралатын болады):

Келесі командалар LibreOfficeDev бағдарламасын және жұмыс үстелімен интеграциялау дестелерін орнатады (сіз оларды терудің орнына көшіріп алып, терминал экранына кірістірсеңіз болады):

sudo dpkg -i *.deb

Орнату үрдісі енді аяқталды, және Қолданбалар/Кеңселік жүйелік мәзірінде LibreOfficeDev қолданбаларын іске қосуға арналған таңбашалар пайда болуы тиіс.

LibreOfficeDev өнімін Fedora, openSUSE, Mandriva және басқа да RPM дестелерін пайдаланатын Linux жүйелерінде орнату
----------------------------------------------------------------------

Тілдік дестесін орнату жөніндегі нұсқаулықтары үшін (LibreOfficeDev өнімінің АҚШ ағылшын нұсқасын орнатқаннан кейін), төмендегі Тілдік дестесін орнату деп аталатын бөлімді оқыңыз.

Жүктеп алынған архивті тарқатқанда, оның мазмұны ішкі каталогқа шығарылғанын көресіз. Файл менеджері терезесін ашып, атауы «LibreOfficeDev_» деп басталатын, одан кейін нұсқа нөмірі мен платформа туралы ақпарат көрсетілген каталогқа өтіңіз.

Бұл бума ішінде "RPMS" деп аталатын бума бар. "RPMS" бумасына өтіңіз.

Бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Терминал терезесі ашылатын болады. Терминалдың командалық жолында келесі команданы енгізіңіз (команда орындалу алдында, сізден жүйелік әкімші паролі сұралатын болады):

Fedora негізіндегі жүйелер үшін: sudo dnf install *.rpm

Mandriva тектес жүйелер үшін: sudo urpmi *.rpm

RPM негізінденгі басқа жүйелер (openSUSE және т.б.) үшін: rpm -Uvh *.rpm

Орнату үрдісі енді аяқталды, және Қолданбалар/Кеңселік жүйелік мәзірінде LibreOfficeDev қолданбаларын жөнелту үшін таңбашалар пайда болуы тиіс.

Осыдан басқа, орнатуды пайдаланушы құқықтарымен орындау үшін, бұл архивтің түбірлік бумасында орналасқан 'install' орнату скриптін қолдануға болады. Бұл орнату үшін скрипт LibreOfficeDev өнімінің қалыпты профилінен ажырату үшін, LibreOfficeDev өнімінің өздік профилін жасайды. Ескертеміз, бұл жүйемен интеграцияны жасамайды, яғни, жұмыс үстел мәзірін орнату және MIME түрлерінің тіркелуін орындамайды.

Жоғарыдағы нұсқауларда қарастырылмаған Linux дистрибутивтерінде жұмыс үстелі ортасымен интеграциялау жөніндегі нұсқаулар
----------------------------------------------------------------------

Бұл нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да Linux жүйелерінде LibreOfficeDev өнімін оңай түрде орнатуға болады. Басты айырмашылық жұмыс үстелі ортасымен интеграциялауда болады.

RPMS (немесе тиісінше DEBS) бумасында сондай-ақ libreofficedev26.8-freedesktop-menus-26.8.0.1-1.noarch.rpm (немесе тиісінше libreofficedev26.8-debian-menus_26.8.0.1-1_all.deb немесе ұқсас) деп аталатын пакет бар. Бұл — Freedesktop.org спецификацияларын/ұсыныстарын (https://en.wikipedia.org/wiki/Freedesktop.org) қолдайтын барлық Linux дистрибутивтеріне арналған десте және ол жоғарыда аталған нұсқаулықтарда қамтылмаған басқа Linux дистрибутивтеріне орнату үшін ұсынылады.

Тілдік дестесін орнату
----------------------------------------------------------------------

Керек тіл және платформа үшін арналған тілдік дестені жүктеп алыңыз. Тілдік дестелерді негізгі орнату архиві орналасқан жерінен табуға болады. Nautilus файлдар басқарушысы көмегімен архивті бумаға тарқатыңыз (мыс. жұмыс үстеліне). Барлық LibreOfficeDev қолданбаларынан шыққаныңызға көз жеткізіңіз (QuickStarter қоса).

Енді жүктеліп алынған тілдік дестесі тарқатылған бумаға өтіңіз.

Енді архивті тарқату кезінде жасалған бумаға өтіңіз. Мысалы, 32-биттік Debian/Ubuntu жүйесіне арналған қазақ тілі дестесі жағдайында, бұл буманың атауы «LibreOfficeDev_» деп басталады, оған нұсқа туралы ақпарат пен «Linux_x86_langpack-deb_kk» жалғауы қосылады.

Енді тарқату кезінде жасалған бумасына өтіңіз. Debian/Ubuntu тектесі жүйелерінде бума DEBS деп аталады. Ал, Fedora, openSUSE немесе Mandriva үшін бума RPMS деп аталатын болады.

Nautilus файлдар басқарушысында, бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, мәзір ішінен "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Ашылған терезеде тілдік дестені орнату үшін келесі команданы орындаңыз (төмендегі командалардың барлығы үшін де жүйелік әкімші паролін енгізу керек болуы мүмкін):

Debian/Ubuntu тектес жүйелері үшін: sudo dpkg -i *.deb

Fedora негізіндегі жүйелер үшін: su -c 'dnf install *.rpm'

Mandriva тектес жүйелер үшін: sudo urpmi *.rpm

RPM негізінденгі басқа жүйелер (openSUSE және т.б.) үшін: rpm -Uvh *.rpm

Енді LibreOfficeDev қолданбаларының бірін іске қосыңыз - мысалы, Writer. Саймандар мәзіріне өтіп, Баптауларды таңдаңыз. Баптаулар сұхбат терезесінде «Тілдер және Локальдер» батырмасын басыңыз, содан кейін «Жалпы» батырмасын басыңыз. «Пайдаланушы интерфейсі» тізімін ашыңыз және жаңа ғана орнатқан тілді таңдаңыз. Керек болса, «Локаль баптаулары», «Негізгі ақша» және «Құжаттар үшін үнсіз келісім бойынша тілдер» үшін де осы әрекетті орындаңыз.

Бұл баптауларды орнатқаннан кейін ОК батырмасын басыңыз. Сұхбат терезесі жабылады, және сіз көрсеткен өзгерістер LibreOfficeDev өнімінің жұмысын аяқтап, оны қайта қосқан кезде ғана іске асатыны туралы хабарлама көрсетіледі (QuickStarter іске қосылған болса, оның да жұмысын аяқтау керек).

LibreOfficeDev келесі рет іске қосылған кезде жаңа ғана орнатылған тілмен іске қосылатын болады.

----------------------------------------------------------------------
Бағдарламаның іске қосылу кезіндегі мәселелері
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev іске қосудағы қиындықтар (мысалы, қолданбалар қатуы) және экран дисплейіне қатысты мәселелер көбінесе графикалық карта драйверінен туындайды. Бұл мәселелер орын алса, графикалық карта драйверін жаңартыңыз немесе операциялық жүйемен жеткізілген графикалық драйверді пайдаланып көріңіз.

----------------------------------------------------------------------
Пернелер жарлықтары
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev ішінде тек операциялық жүйесінде қолданылмайтын пернелер жарлықтарын қолдануға болады. Егер LibreOfficeDev ішінде пернелер жарлықтары LibreOfficeDev көмек құжаттамасында жазылғандай жұмыс істемесе, ол жарлықтар операциялық жүйесімен қолдануда болмағанын тексеріңіз. Осындай мәселелерді шешу үшін сіз операциялық жүйе қолданатын пернелер жарлықтарын өзгерте аласыз. Сонымен қатар, LibreOfficeDev өнімі ішіндегі жарлықтардың көбін өзгертуге болады. Бұл мәселе жөнінде көбірек білу үшін LibreOfficeDev көмегін немесе операциялық жүйесінің құжаттамасын оқыңыз.

----------------------------------------------------------------------
Файлдарды блоктау
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev ішінде үнсіз келісім бойынша файлдарды блоктау мүмкіндігі іске қосылған. Network File System (NFS) хаттамасын қолданатын желіде жұмыс істеу кезінде NFS үшін файлдарды блоктау қызметі іске қосулы болуы тиіс. Блоктау мүмкіндігін сөндіру үшін, soffice түзетіп, оның ішінде «export SAL_ENABLE_FILE_LOCKING» жолын «# export SAL_ENABLE_FILE_LOCKING» етіп өзгертіңіз. Блоктауды сөндіргеннен кейін, құжатқа жазу құқығы енді құжатты бірінші болып ашқан пайдаланушысымен шектелмейді.

----------------------------------------------------------------------
Графикалық өнімділік
----------------------------------------------------------------------

Үнсіз келісім бойынша, LibreOfficeDev ішінде жылдамдыққа кері әсер етсе де, графикалық интерфейстің сәнділігін қолдауы іске қосылған. Графикалық интерфейстің баяу жылдамдығы мазаңызды алса, онда "Саймандар - Опциялар - LibreOfficeDev - Түрі - Тегістеуді қолдану" опциясы сізге көмектесе алады.

----------------------------------------------------------------------
Арнайы мүмкіндіктерге қатысты маңызды толықтырулар
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev өніміндегі арнайы мүмкіндіктер туралы көбірек ақпарат келесі парақта бар: https://www.libreoffice.org/accessibility/

----------------------------------------------------------------------
Пайдаланушыларға қолдау көрсету
----------------------------------------------------------------------

Негізгі қолдау бетінде LibreOfficeDev бойынша көмек алудың бірнеше жолы бар. Сұрағыңыз бұрын талқыланған болуы мүмкін, сондықтан https://ask.libreoffice.org/ қауымдастық форумын немесе https://www.libreoffice.org/lists/users/ сайтындағы ‘users@libreoffice.org’ тарату тізімінің мұрағатын қарап шығыңыз. Сондай-ақ сұрақтарыңызды users@libreoffice.org адресіне жолдауға болады. Тізімге жазылу (электрондық пошта арқылы жауап алу) үшін users+subscribe@libreoffice.org адресіне бос хат жіберіңіз.

Сонымен қатар, LibreOffice веб-сайтынан Жиі Қойылатын Сұрақтар санатын да қарап шығыңыз.

----------------------------------------------------------------------
Қателер және мәселелер жөнінде хабарлау
----------------------------------------------------------------------

Мәселелерді хабарлау, бақылау және шешу үшін біз Bugzilla жүйесін қолданамыз, ол https://bugs.documentfoundation.org/ жерінде орналасқан. Біз барлық пайдаланушылардан табылған мәселелер жөнінде хабарлауды сұраймыз және оны қолдаймыз. Мәселелер жөнінде хабарлау - LibreOfficeDev өнімін жақсарту және дамыту мақсатындағы жасауға болатын маңызды үлес қосу жолы.

----------------------------------------------------------------------
Қоғамдастыққа мүше болу
----------------------------------------------------------------------

LibreOfficeDev қоғамдастығына бұл маңызды кодтары ашық жобасына сіздің қатысуыңыз өте пайдалы болады.

Пайдаланушы ретінде сіз осы жобаға маңызды үлес қосудасыз, және де біз сізді қоғамдастыққа ұзақ мерзімді қатысушы болуға одан әрі белсенді рольді алуға шақырамыз. Жобаға мүше болыңыз және үлес қосу туралы ақпаратпен LibreOffice веб-сайтынан таныс болыңыз.

Бастау үшін
----------------------------------------------------------------------

Өз үлесіңізді қосуды бастаудың ең жақсы жолы - бір немесе бірнеше эл. хаттарды тарату тізімдеріне жазылып, оларды біраз бақылап, хат архивтерін LibreOfficeDev өнімінің бастапқы коды 2000 жылдың қазан айында ашылғаннан бері туындаған көптеген тақырыптармен танысу үшін қолдана бастау. Үйренгеннен кейін, өзіңіз туралы шағын ғана жазып, тарату тізіміне жіберсеңіз болды. Егер де сіз Open Source жобаларымен таныс болсаңыз, қойылған тапсырмалар тізімімен танысып, бізге көмектесе алатын есептерді таңдаңыз: LibreOffice веб-сайты.

Жазылу
----------------------------------------------------------------------

Міне, сіз жазыла алатын бірнеше хат тарату тізімдері осында https://www.libreoffice.org/get-help/mailing-lists/

* Жаңалықтар: announce@documentfoundation.org *барлық пайдаланушыларға ұсынылады* (аз трафик)
* Пайдаланушылар үшін негізгі хат тарату тізімі: users@global.libreoffice.org *талқылауларды бақылаудың жеңіл жолы* (көп трафик)
* Маркетингтік жоба: marketing@global.libreoffice.org *өндіру нәтижелері* (көп трафик)
* Өндірушілердің негізгі хат тарату тізімі: libreoffice@lists.freedesktop.org (көп трафик)

Жобаларға қосылу
----------------------------------------------------------------------

Бағдарламалық қамтаманы өндіруде немесе код жазуда тәжірибеңіз аз болса да, бұл маңызды ашық кодты жобаға өз үлесіңізді қоса аласыз. Бұл шынымен де солай!

LibreOfficeDev 26.8 өнімімен жұмысыңыз табысты болатынына әрі сіз біздің жобамызға Интернет көмегімен қосылатыныңызға үміттенеміз.

LibreOffice қоғамдастығы

----------------------------------------------------------------------
Қолданылған/Түрлендірілген бастапқы код
----------------------------------------------------------------------

Portions Copyright 1998, 1999 James Clark. Portions Copyright 1996, 1998 Netscape Communications Corporation.